ҰЛТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖАЛАУГЕРІ

23 желтоқсанда Yessenov University-де Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ардақтысы Жалау Мыңбайұлының 130 жылдық мерейтойына арналған «ҰЛТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖАЛАУГЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

 

Конференция мақсаты: 1920-1930 жылдары Кеңес билігінің Қазақстанда жүргізген саяси зардаптарының ұлт тарихындағы орнын көрсету және Ж. Мыңбайұлының мұраларын қазіргі заман контексінде зерделеу, ұлт тұлғасы ретінде лайықты бағасын беру және келер ұрпаққа ғұмыр жолын насихаттау.

 

 

Конференцияда «Хабар» Агентігінің түсіруімен «Намыстан жаралған — Жалау Мыңбайұлы» атты Жалау Мыңбайұлының өмірі мен қызметі төңірегінде түсірілген су жаңа деректі фильмі көрсетілді.

 

 

Конференция аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Сабыр Адайдың «Ер Жалау» атты поэмалық кітабының тұсауы кесілді. «Ер Жалау» поэмасында Жалаудың елі мен ерін сүйе білген асыл қасиетін, өгіз мойын өмірге бас бермес өрмінезін өлеңге арқау етіп, Қазақ жұртының нәубетті жылдарда бастан кешкен өмірінен ой қозғалған.

 

 

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда республикамыздан келген тарихшы-ғалымдар мен қонақтар және өлкеміздің білікті ғалымдары: филология ғылымдарының докторы, алаштанушы-ғалым Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы, Республикалық «Мектеп» баспасының жетекші редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Досбай Жібек Бекіманқызы, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің  Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, жалаутанушы, өлкетанушы Сержан Кенжебек Сержанұлы, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің  Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушы, тарих ғылымдарының кандидаты Еділханова Светлана Алқажанқызы. баяндама жасады. Ғылыми-тәжірибелік конференция соныңда қарар қабылданды.