07 February 2020

«Қоғамға қызмет» орталығы

Университетімізде былтыр, оқу жылынан өз қызметін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жанынан бастаған инновациялық, оқу әдістемілік – «Service learning» (Қоғамға қызмет) орталығы қазіргі таңда облыс бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

YESSENOV UNIVERSITY – кәсіпкерлік және әлеуметтік жауапты университет деп өзін позициялайды. Біздің университеттің ең басты құндылықтарының бірі: Ашықтық, Ықыластылық. Креативтілік, яғни қоғамдық жауапкершілік, қоғамға қызмет ету болып саналады. Сондықтан 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап  «Service learning» (Қоғамға қызмет) орталығы Қазақстандағы ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып Университетіміздің оқу бағдарламасына енгізілген болатын. 

«Қоғамға қызмет» пәнінің негізгі мақсаты студенттердің қоғамның нақты мәселелерін шешуге ұсыныс қосу арқылы белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға және жобалық іс-әрекет дағдыларын меңгеруге, тиімді коммуникацияның психологиялық негіздерін түсінуге, сыни ойлауға бағытталады. 

Қоғамға қызмет ету - бұл «көмек беру» ұстанымын таңдау, - әлемдегі мейірімділікті дәріптеу, әлемді даналықпен және сүйіспеншілікпен толықтыру!
2019 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев университетімізге келген сапарында, «Қоғамға қызмет»  орталығының қоғамның дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешудегі орны маңызды екендігі жөнінде жоғары баға берген болған болатын. 
 
«Service learning» пәнінің оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері: 2 кезең арқылы жүзеге асырылады.
1 кезеңінде – 5 аптаға арналған дәрістер арқылы теориялық білім алып:
6-аптада – таңдаған бағыттарыңыз бойынша командаға бірігіп, жобалық ұсынысты әзірлейді;
7-ші аптада – жобаларын қорғайды. Қорғау бағасы 1-кезеңді бақылау бағасын анықтайды.
2 кезеңде –  жобаның белсенділігі, ол 7 аптаға созылады. Таңдаған жоба әлеуметтік қызмет саласына, яғни әлеуметтік ұйымдар байланысты болады.
 
Қазіргі таңда 2000-нан астам студент қоғамға қызмет ету тәжірибесіне ие. Бүгінде қоғам өмірінің түрлі салаларында  200-ден астам жоба жұмысы жүргізіліп, жүзеге асырылды. Университеттің 20-дан астам әлеуметтік ұйымдармен қарым-қатынас орнатылып, әлі де болса аясын кеңейту жұмыстары жөнінде байланыстар жүргізіліп жатыр. 

Келесі нені оқу керек: