Баскетболдан жарыс өтті

Студенттер күніне орай  Yessenov University студенттері (ұлдар) арасында баскетболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша:  “Бизнес және құқық” факультетінің командасы – 1-орын, “Базалық” факультеттің командасы – 2-орын, Теңіз академиясының командасы – 3-орын иеленді.

“Дене шынықтыру және спорт” мамандығының  3-курс студенті Исмағулов Бекарыс «Үздік ойыншы», Баймағанбетов Айбек “Құқықтану” мамандығының   2-курс студенті «Үздік шабуылшы», Бердібеков Нұрғиса “Ақпараттық жүйелер” мамандығының 1-курс студенті «Үздік қорғаушы»   номинацияларына ие болды.

Жарысты ұйымдастырушы Базалық факультетінің “Дене тәрбиесі” кафедрасының оқытушылары.