30 August 2019

ҚР Конституциясы күнімен құттықтау

Yessenov University Қазақстан азаматтарын ұлттық мерекесі Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Біздің халқымыздың тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі еліміздің Негізгі заңын қабылдау болды. Конституция – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымызды сақтаудың сенімді кепілі, сондай-ақ жаңа Қазақстанның жетістігінің кепілі.
Осы маңызды күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық, бейбітшілік пен келісім, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына одан әрі өркендеу тілейміз!