Yessenov University профессор-оқытушылар құрамының жалақысын көбейту бойынша Қазақстан ЖОО арасында көшбасшылар қатарында

Дәстүрге сай, Yessenov University жаңа оқу жылын профессор-оқытушылар құрамының жалақысын кезекті рет арттырумен бастайды. Оқытушылар мен ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың еңбегін лайықты бағалау — университет саясатының басты басымдықтарының бірі.

Бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым мен білім саласы қызметкерлерін қолдау жөніндегі тапсырмасына және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық бағытына толық сәйкес келеді. Бүгін өткен Ғылыми кеңес отырысында 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысын өсіру туралы ресми шешім қабылданды.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орташа айлық жалақы мөлшері:

  • Оқытушылар: 523 000 теңге
  • Аға оқытушылар: 582 000 теңге
  • Кауымдастырылған профессорлар (доценттер): 717 000 теңге
  • Профессорлар: 857 000 теңге

Соңғы 5 жыл ішінде университетте профессор-оқытушылар құрамының жалақысы кем дегенде 2 есеге өсті. Адам капиталына құйылған бұл инвестиция — білім беру сапасын арттыру мен университеттің орнықты дамуының берік кепілі.

Барша әріптестерімізді жаңа оқу жылымен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

KEEP READING...

You may also like