Yessenov University UI GreenMetric 2025 халықаралық рейтингінде үздік 3 университеттің қатарына енді

2025 жылғы 5 желтоқсанда университетіміз үшін куанышты жаңалық жарияланды. Әлемнің 105 елінен 1 745 жоғары оқу орнын қамтыған беделді UI GreenMetric World University Rankings 2025 халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша Yessenov University тұрақты даму саласында айтарлықтай өсім көрсетті.

Университет жалпы 7 577,5 балл жинап, әлемдік рейтингте 333-орынға тұрақтады. Ал Қазақстанның 30 жоғары оқу орны арасында үздік 3-орынға ие болып, еліміздегі «жасыл» трансформацияның көшбасшыларының бірі екенін дәлелдеді.

Рейтинг индикаторлары бойынша негізгі нәтижелер:

  • Білім мен зерттеулер (Education & Research): 1 675 балл
  • Қалдықтарды басқару (Waste): 1 300 балл
  • Су ресурстарын үнемді пайдалану (Water): 800 балл
  • Инфрақұрылым, энергия, климаттың өзгеруі және транспорт салалары бойынша жоғары көрсеткіштер

Бұл тарихи табыс — профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлер мен студенттердің бірігіп атқарған жүйелі жұмысының нәтижесі. Yessenov University өңірдегі «жасыл» даму мен инновацияның драйвері болу бағытын одан әрі ары қарай жалғастырады.

Барша университет ұжымы мен студенттерді жарқын жеңісімен куттықтаймыз!

KEEP READING...

You may also like