Yessenov University · Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық

«Интернационалдандыру – бұл жаһандану жағдайындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру стратегиясы, сонымен қатар жаһандық әлемге тарту үшін мамандар даярлау тәсілі»— Филип Альтбах, 2010
800+шетелдік студент
100+ынтымақтастық келісімі
4Erasmus+ жобасы
69студент шетелде оқыды

Халықаралық офис

Халықаралық офис университетті интернационалдандыру саясатын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады: студенттер мен қызметкерлер алмасу бағдарламалары, қос диплом бағдарламалары және академиялық серіктестермен ғылыми ынтымақтастық.

Миссиясы

Халықаралық байланыстар мен әріптестікті дамыту арқылы университетті интернационалдандыруды ілгерілету, оны әлемдік білім беру кеңістігінде позициялау.

Мақсаты

Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру, білім беру қызметі сапасының әлемдік стандарттарына сәйкес ПОҚ пен студенттердің ұтқырлығын кеңейту.

Интернационалдандыру басымдықтары

1

Сыртқы интернационалдандыру

  • Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту
  • Халықаралық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларға қатысу
  • Қонақ лекциялары, вебинарлар, онлайн-конференциялар
  • Халықаралық конференциялар мен рейтингтерге қатысу
2

Ішкі интернационалдандыру

  • Шетелдік студенттер мен оқытушыларды тарту
  • Топ-менеджмент қызметіне шетелдік кадрларды шақыру
  • Үштілді білім беру бағдарламасын дамыту
  • Ғылыми зерттеулерді интернационалдандыру
3

Халықаралық серіктестік

  • Шетелдік ғылыми орталықтармен, институттармен, ұйымдармен серіктестік
  • Халықаралық бірлестіктерге, желілерге, консорциумдарға кіру

Шетелде білім алу

Шетелде оқу білім алушыларға басқа білім беру жүйесінде өзін сынауға, қосымша білім мен жаңа кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік береді. 2021–2022 оқу жылында 230-дан астам білім алушы академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқыды.

Erasmus+

Екінші және одан жоғары курс студенттері үшін. Шетелдік ЖОО-да 3 айдан (бір семестр) 12 айға дейін оқу; қабылдаушы ЖОО-да оқу тегін, шығындарды Erasmus+ гранты өтейді.

DAAD

Германияның академиялық алмасу қызметі: қазақстандық студенттерге, жас ғалымдарға және оқытушыларға неміс және ағылшын тілдеріндегі 10-нан астам стипендиялық бағдарлама.

Mevlana

Yessenov University мен түрік серіктес ЖОО-лары арасында білім алушылар мен ПОҚ алмасуы, Түркияның Жоғары білім кеңесінің ішінара қаржыландыруымен.

Erasmus+ жобалары

Erasmus+

KUTEL

Технологиялар көмегімен оқыту сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін енгізу арқылы Қазақстанда жоғары білімді жаңғыртуға жәрдемдесу.

Мерзімі: 2018–2021 · 598377-EPP-1-2018-1-IT-EPPKA2-CBHE-SP

Erasmus+

UXiship

АКТ құзыреттеріне негізделген кәсіпкерлік модулін енгізу арқылы Қазақстан мен Ресейдің серіктес университеттерінде инженерлік оқу бағдарламаларын жетілдіру.

Мерзімі: 2019–2022 · Erasmus+ CBHE

Жоба сайты →

Erasmus+

PICASP

Университеттер мен кәсіпорындар ынтымақтастығы негізінде Каспий аймағын дамытуға арналған практикалық бизнес бойынша пилоттық курстар.

Мерзімі: 2021–2023 · 617540-EPP-1-2020-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP

Erasmus+

GEOCLIC

Жағалау экожүйелерін климаттың өзгеруіне бейімдеуге арналған геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар: суды тұщыту, мұнай-газ ісі және теңіз экологиясы бойынша бағдарламалар.

Мерзімі: 2021–2024 · 619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP

Шетелдік серіктестер

Университет 100-ден астам шетелдік білім беру ұйымымен меморандумдар мен шарттар жасасқан. Төменде — бакалавриат бағдарламалары бойынша серіктес университеттер.

Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті

🇦🇿 Әзербайжан

Tallinn University of Technology

🇪🇪 Эстония

University of Suffolk

🇬🇧 Ұлыбритания

The university of Oklahoma

🇺🇸 АҚШ

Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті

🇦🇿 Әзербайжан

Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті

🇺🇿 Өзбекстан

Akademia Pomorska w Slupsku

🇵🇱 Польша

Әзірбайжан техникалық университеті

🇦🇿 Әзербайжан

Габрово техникалық университеті

🇧🇬 Болгария

New Jersey Institute of Technology

🇺🇸 АҚШ

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті

🇷🇺 Ресей

Астрахан мемлекеттік университеті

🇷🇺 Ресей

Баку мемлекеттік университеті

🇦🇿 Әзербайжан

Marmara University

🇹🇷 Түркия

М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті

🇷🇺 Ресей

Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық университеті

🇺🇿 Өзбекстан

Паисий Хилендарски атындағы Пловдив университеті

🇧🇬 Болгария

Ресей халықтар достығы университеті

🇷🇺 Ресей

Ankara University

🇹🇷 Түркия

Астрахан мемлекеттік техникалық университеті

🇷🇺 Ресей

Еділ мемлекеттік су көлігі университеті

🇷🇺 Ресей

Maritime Institute Willem Barentsz

🇳🇱 Нидерланды

University Kuala-Lumpur

🇲🇾 Малайзия

Әзірбайжан мемлекеттік теңіз академиясы

🇦🇿 Әзербайжан

Фатих университеті, Стамбул

🇹🇷 Түркия

Германиядағы Халықаралық ғылыми ақпарат және білім орталығы

🇩🇪 Германия

Орал мемлекеттік педагогикалық университеті

🇷🇺 Ресей

Будапешт митрополиттік университеті

🇭🇺 Венгрия

Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті

🇦🇿 Әзербайжан
Ештеңе табылмады

Құрметті қонақтар

Барлық жазбалар →

Байланыс

Халықаралық офис

Ақтау қ., 32 ш/а, Yessenov University, 12 қабат, A12-08

+7 (7292) 788 788, 260 / 261

Досумбекова Айгуль КайдаровнаБөлім басшысы

aigul.dossumbekova@yu.edu.kz · +7 (7292) 788 788, 260

Құрмантай Бағдат РақымжанқызыМаман
Бургенбай Нұргүл ЕршатқызыМаман