Yessenov University Fab Node мәртебесін алып, Қазақстандағы сандык өндіріс хабына айналды

Yessenov University халықаралық даму жолында маңызды белесті бағындырып, глобалды Fab Lab желісі ішінде ресми түрде Fab Lab Node мәртебесін алды. Бұл ресми тану университетге Fab Academy халықаралық бағдарламасын жүзеге асыратын жергілікті білім беру орталығы болуға мүмкіндік береді. Осылайша, Yessenov University Қазақстандағы бірінші және ТМД аймағындағы екінші болып бұл мәртебені иеленген жоғары оқу орны атанды.

Жобаның негізгі бағыттары мен мүмкіндіктері:

  • Халықаралық интеграция: MIT профессоры Нил Гершенфельд негізін қалаған цифрлық өндіріс бойынша Fab Academy оқыту бағдарламасын YU Technopark базасында жүргізу
  • Практикалық білім: қатысушыларға сандық жобалау, микроэлектроника, бағдарламалау және прототиптер жасау бойынша толық өндірістік циклды меңгеруге жағдай жасау
  • Инфрақұрылымдық база: 2024 жылдың желтоқсанында ашылған, ауданы 2 000 шаршы метрді құрайтын заманауи Yessenov Technopark бен YU FabLab мүмкіндіктерін пайдалану
  • Адам капиталы: университет қызметкерлерінің Fab Academy курстарын сәтті аяқтап, халықаралық стандарттарға сай білім беруді жолға қоюы

Университетте Fab Node орталығының ашылуы Маңғыстау өңірінде инженерия мен стартаптарды дамытуға, жаңа буын инженерлері мен инноваторларын даярлауға зор серпін береді.

Жаңа халықаралық жобаға қатысушы бірінші ағын білімгерлеріне сәттілік тілейміз!

KEEP READING...

You may also like