Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеміз және университетте адалдық пен парасаттылық мәдениетін дамытамыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ директорлар кеңесі отырысының 24.12.2021 жылғы №10 шешімімен құрылды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже бекітілді.
«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ директорлар кеңесі 31.05.2023 жылғы №3 отырысының шешімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ережеге» сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты – университеттің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, парасаттылық қағидаттарына негізделген ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

Сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және мінез-құлық кодексінің өзге де бұзушылықтары туралы хабарлаңыз. Сенім телефоны — заңнаманың болжамды бұзушылықтары туралы хабарлау арнасы.


