Халықаралық ынтымақтастық / Международное сотрудничество

Yessenov University-де Түркия Республикасының Бас консулымен кездесу өтті

📅 6 қазан, 2026 ж. • 📍 Yessenov University, Ақтау қ.

6 қазан күні Yessenov University-де Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Билал Эмре Биралмен маңызды кездесу өтті.

Кездесу барысында Маңғыстау облысының экономикалық және стратегиялық әлеуеті, Каспий теңізі арқылы өтетін Орта дәлізді (Middle Corridor) дамыту, логистика саласындағы жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ өңірге қажетті инженерлік және құқықтық бағыттағы мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.

Yessenov University мен Түркияның жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстар да жүйелі түрде дамып келеді. Қазіргі таңда университет Түркияның 15 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында жұмыс жүргізуде. Бұл серіктестік студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кездесуде Каспий өңірінің транзиттік және логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану үшін білікті кадрлар даярлау мен сапалы білім берудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік аясындағы мұндай кездесулер университетаралық байланысты тереңдетіп, жаңа бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.

KEEP READING...

You may also like