Жарыс нәтижелері
«Caspian Games – 2026»: Жүзуден жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды
📅 Қазан, 2026 ж.
•
📍 Yessenov Sports Complex, Ақтау қ.
VIII халықаралық студенттік «Caspian Games – 2026» аясында жүзуден өткен тартысты жарыстар қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті!
Спортшылар әртүрлі қашықтықтарда еркін стиль, брасс, шалқалап жүзу және эстафета бойынша сынға түсіп, жоғары дайындықтары мен үздік нәтижелерін көрсетті.
🏆 Командалық есеп қорытындысы:
- 🥇 I орын: Астрахань мемлекеттік техникалық университеті
- 🥈 II орын: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
- 🥉 III орын: Yessenov University
🏊 Yessenov University спортшыларының жетістігі:
Yessenov University спортшылары қыздар және ерлер арасындағы 4×50 метрлік еркін стиль эстафетасында II орынға ие болып, күміс жүлде иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жарқын жеңістер мен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз! 🏊♂️🥇🔥