Yessenov University-де «Көлдердің құрғауынан көміртегі айналымының бұзылуы» (Disruption of the carbon cycle caused by lake drying) жобасы аясында шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми кездесу өтті.
Кездесу барысында Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, су айдындарының тартылуы және олардың көміртегі айналымы мен экожүйелерге тигізетін әсері сияқты өзекті экологиялық мәселелер жан-жақты талқыланды.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – Yessenov University мен Испания Ұлттық зерттеу кеңесіне (CSIC) қарасты Бланес Жетілдірілген зерттеулер орталығы (CEAB-CSIC) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды.
Тараптар Каспийдегі экологиялық үдерістерді Испания мен Еуропаның басқа өңірлеріндегі ұқсас процестермен салыстыра зерттеу, ғылыми деректер мен тәжірибе алмасу және бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.
