Каспий өңірі замандар мен мәдениеттер тоғысында: Yessenov University-де тұрақты дамуға арналған халықаралық форум өтті

Yessenov University базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтымен бірлесіп, «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы және мегагранттық жоба аясында «Каспий өңірі замандар мен мәдениеттер тоғысында: тұрақты даму парадигмасының сын-қатерлері мен келешегі» атты ірі халықаралық пәнаралық форум өтті.

Ауқымды жиынға АҚШ, Жапония, Германия, Түркия, Қытай, Австрия, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Алқалы жиын Ақтау қаласы мен Маңғыстау өңірін «жасыл» өсім, тұрақты даму және мәдени-ғылыми диалогтың халықаралық орталығы ретінде танытуда маңызды қадам болды.

Форумның негізгі оқиғалары мен бағыттары:

  • Халықаралық сараптама: АҚШ (Стефан Пратт), Жапония (Ясуо Охе), Германия (Наталия Эше), Түркия (Тундж Медени), Қытай (Ю Тонгсин) мен Австрия (Ханс Хольцхакер) спикерлерінің қатысуымен өткен панельдік сессиялар
  • Практикалық шеберлік-сыныптары: жас ғалымдар мен оқытушыларға арналған ғылыми гранттар дайындау, әлеуметтік зерттеулер методологиясы мен тұрақты даму стратегиялары бойынша шетелдік сарапшылардың дәрістері
  • «Caspian Nomad» экспедициясы: форумның далалық зерттеулерге ұласқан практикалық бөлігі ретінде Маңғыстаудың туристік әлеуетін зерделеу және тұрақты туризм жобаларын әзірлеу

Халықаралық форум Каспий өңірін экология, ғылым, мәдениет және экономика тоғысқан орталық ретінде кайта зерделеп, Yessenov University-дің аймақтық «жасыл» трансформациядағы көшбасшылық рөлін тағы бір мәрте айқындады.

Форум жұмысына қатысушыларға ғылыми әрі практиклық жемісті серпін тілейміз!

KEEP READING...

You may also like