Yessenov University-де Қазақстан мен Германия арасындағы «жасыл» сутегі ынтымақтастығына арналған Ақтау диалогы өтті

2025 жылдың 1-3 қазаны аралығында Yessenov University базасында Қазақстан мен Германия арасындағы академикалық, ғылыми және сараптамалық ынтымақтастықты нығайтуға арналған «Ақтау диалогы: Жасыл сутегі 2025» атты үш күндік халықаралық конференция өтті. Ауқымды іс-шара жаһандық энергетикалық өтуді, жасыл технологияларды және Каспий өңірінің экологиялық тұрақтылығын талқылаудың маңызды халықаралық алаңына айналды.

Конференцияға Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, Гамбург қолданбалы ғылымдар университетінен д-р Себастьян Тиммерберг, Хоф қолданбалы ғылымдар университетінен проф. д-р Тобиас Плессинг, H2 DIPLO өкілі Мануэль Андреш және DKU Президенті проф. д-р Вольрад Роммель бастаған жетекші қазақстандық және германиялық сарапшылар қатысты.

Форумның басты бағыттары мен нәтижелері:

  • Жасыл энергетика мен сутегі технологиялары: «жасыл» сутегін өндірудің ғылыми-практикалық әлеуетін, таза энергия көздеріне өтудің технологиялық шешімдерін зерделеу
  • Каспий теңізінің экологиясы: теңіз экожүйелерін, биоалуантүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша экологиялық ұйымдармен біріккен ұсыныстар дайындау
  • KINI институты және академикалық ұтқырлық: Германия ЖОО-мен қос дипломды бағдарламалар, академикалық ұтқырлық және студенттердің неміс өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін талқылау

«Ақтау диалогы: Жасыл сутегі 2025» конференциясы Yessenov University-дің «жасыл» энергетика саласындағы халықаралық ғылыми зерттеулерді ілгерілетудегі және Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудағы жетекші рөлін айқындады.

Халықаралық форум жұмысының сәтті өтуімен университет ұжымын құттықтаймыз!

KEEP READING...

You may also like