Университет Басқармасы — Yessenov University
Yessenov University

Атқарушы басшылық

Университеттің операциялық, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қызметіне жетекшілік ететін Басқарма құрамы.

Басқарма мүшелері
Университет Басқармасы
Нұрмағанбет Ермек Талантұлы
Yessenov University Президентінің міндетін атқарушы

Нұрмағанбет Ермек Талантұлы

Заң ғылымдарының кандидаты · PhD · EMBA · Доцент
Вице-президент парағы →

Ермек Нұрмағанбет — құқықтану саласының маманы. 2013 жылы юриспруденция бойынша PhD дәрежесін қорғап, 2016 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент атағын алды, Executive MBA бағдарламасын тәмамдады. 2018–2021 жылдары Yessenov University-де ғылыми жұмыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Yessenov University Президентінің міндетін атқарушы.

Білімі
  • 2016
    «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы
  • 2013
    Юриспруденция саласындағы PhD докторы дәрежесі
  • 2006–2008
    Аспирантура
  • Executive MBA (EMBA) бағдарламасы
Жұмыс тәжірибесі
  • Қазіргі уақытта
    Yessenov University Президентінің міндетін атқарушы
    Yessenov University
  • 2018–2021
    Ғылыми жұмыс жөніндегі вице-президент
    Yessenov University
Макулов Қайырбек Қалданбекұлы
Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент

Макулов Қайырбек Қалданбекұлы

Экономика ғылымдарының кандидаты · Компьютерлік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі
Вице-президент парағы →

Қайырбек Макулов — ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласының маманы. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Барселонада (Испания) ақпараттық технологиялар бағытында ғылыми тағылымдамадан өтіп, Лондон, Лиссабон, Барселона және Санкт-Петербургте IT біліктілікті арттыру курстарын тәмамдаған. Ғылыми зерттеулері Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруын ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған. Қазіргі уақытта Yessenov University-дің академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті.

Білімі мен тағылымдамалары
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама
    Барселона, Испания — Ақпараттық технологиялар
  • IT біліктілікті арттыру курстары
    Лондон, Лиссабон, Барселона, Санкт-Петербург
Жұмыс тәжірибесі
  • Қазіргі уақытта
    Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент
    Yessenov University
Ғылыми қызығушылық саласы
Ақпараттық технологиялар мен жүйелер, ҚР мемлекеттік басқаруын ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру.
Самал Сырлыбекқызы
Жарияланымдар
200+ мақала · 18 патент
WoS / Scopus
34 / 68 · h-index 11
Зерттеу және даму жөніндегі вице-президент

Самал Сырлыбекқызы

PhD докторы · Қауымдастырылған профессор · EMBA
Вице-президент парағы →

Ғалым-эколог, 200-ден астам ғылыми мақаланың, 18 патенттің, 11 монография мен 17 оқу құралының авторы. «Экология» мамандығы бойынша 6 докторант дайындады. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларына арналған энергия үнемдейтін технологиялар бойынша BR24992964 ғылыми бағдарламасының жетекшісі (2024–2026).

Еңбек жолы
  • 2026 – қазір
    Зерттеу және даму жөніндегі вице-президент
    Есенов университеті
  • 2025–2026
    «Инжиниринг» факультетінің деканы
  • 2025
    Президент-ректордың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі кеңесшісі
  • 2022–2025
    Ғылым және зерттеулер басқармасының басшысы
  • 2015 – қазір
    Қауымдастырылған профессор, профессор
  • 2008–2012
    Ассистент, аға оқытушы
    Ш. Есенов атындағы КМТИУ
Білімі
  • 2023–2024
    EMBA
    Есенов университеті
  • 2012–2015
    PhD докторы, Экология
    Қазақ ұлттық аграрлық университеті
  • 2009–2011
    Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Экология
    Ш. Есенов атындағы КМТИУ
  • 2003–2008
    Инженер, Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
    Ш. Есенов атындағы АМУ
Ғылыми тағылымдамалар
Canterbury Christ Church University (Англия) · Lund University (Швеция) · Istanbul Ticaret University (Түркия) · Ұлы Петр атындағы СПбПУ (Ресей) · Ташкент химия-технологиялық институты (Өзбекстан)
Ғылыми жобалар — жетекші
  • 2024–2026
    BR24992964
    Каспийдегі теңіз операцияларының экологиялық тұрақтылығына арналған энергия үнемдейтін технологиялар
  • 2022–2024
    AP14871988
    Жылу сорғысы негізіндегі күн-жылу тұщыландыру қондырғысы
  • 2022–2024
    AP15473149
    Гофрленген абсорбер-бассейні және озондауы бар күн тұщыландырғышы
Ғылыми жобалар — орындаушы
  • 2023–2025
    BR21882122
    Жасыл өсу контекстіндегі Батыс Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы
  • 2023–2025
    AP19175786
    Ақтау және Құрық порттары акваторияларының спутниктік мониторингі
  • 2023–2025
    AP19175489
    ГАЖ көмегімен Шетпе-Оңтүстік бор карьерінің биоәртүрлілігі
  • 2022–2024
    AP14869522
    Каспийдің жағалау аймағының экологиялық жағдайы және су сапасы
  • 2020
    AP08956547
    Маңғыстау қайраңындағы теңіз ағыстарының режимі
  • 2012–2014
    ҒЖБМ ҚР жобасы
    Каспий маңы өңірі мен техногендік нысандардың қоршаған орта компоненттері
Сараптамалық қызметі
  • ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ҒТК мүшесі
  • Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Ғылыми кеңестің мүшесі, ғалым хатшысы
  • Есенов университеті диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы
  • ҚазҰАУ және М. Әуезов атындағы ОҚУ диссертациялық кеңестерінің мүшесі
  • «Ecologica Montenegrina» журналының рецензенті (Scopus)
Марапаттар
  • 2026
    Каспий маңы елдерінің университеттері мен ҒЗО қауымдастығының төсбелгісі
  • 2026
    «Халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтқаны үшін» медалі
    Чуваш ұлттық ғылым және өнер академиясы
  • 2025
    Академик Н. Базанова атындағы төсбелгі
    ҚР ҰҒА
  • 2024
    «Ғылым үздігі» құрмет дипломы
    ҒЖБМ ҚР
  • 2023
    «Дарынды жас ғалымдар үшін» мемлекеттік стипендиясы
    ҒЖБМ ҚР
  • 2022
    «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі
    ҒЖБМ ҚР
  • 2019
    А. Байтұрсынов атындағы медаль
  • 2019
    Шахмардан Есенов атындағы төсбелгі
  • 2018
    «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2017»
    ҚР БҒМ
  • 2018
    «Yessenov University үздік жас ғалымы»
  • 2015
    «Жас тұлпар-2015» сыйлығы, «Жас мұғалім» номинациясы
  • 2013
    «Жас ғалым-2013» сыйлығы
  • «Білім беру ісінің үздігі» медалі
    Экология және инженерия халықаралық ғылым академиясы
  • ҚР БҒМ Алғысы
Аманиязова Гулимай Демегенқызы
Instagram · Facebook
Scopus
h-index 2
Студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент

Аманиязова Гулимай Демегенқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты · Доцент
Вице-президент парағы →

Гулимай Аманиязова — экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика» мамандығы бойынша доцент. Ғылыми-педагогикалық өтілі 28 жыл, оның 12 жылы — профессор лауазымында. 2013 жылдан бастап «Экономика» кафедрасының профессоры м.а. Қазіргі уақытта Yessenov University-дің студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті.

Білімі мен ғылыми атақтары
  • 2007
    «Экономика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы
  • 2002
    Экономика ғылымдарының кандидаты
    08.00.05 — Экономика және халық шаруашылығын басқару
Жұмыс тәжірибесі
  • Қазіргі уақытта
    Студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент
    Yessenov University
  • 2013 – қазір
    «Экономика» кафедрасының профессоры м.а.
    Yessenov University
Ғылыми қызметі
  • 51
    ғылыми мақала (доцент атағын алғаннан кейін), оның ішінде 21 — уәкілетті орган ұсынған басылымдарда, 3 — Web of Science / Scopus
  • 3 + 1
    монография және оқу құралы (соңғы 5 жылда)
  • 2023–2025
    BR21882382 ПМҚ жобасының аға ғылыми қызметкері: «Skills Technology Foresight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атластарын әзірлеу»
  • h-index 2
    Scopus
Марапаттары мен жетістіктері
  • 2024
    ҚР ҒЖБМ Министрінің Құрмет грамотасы
  • 2024
    Жетекшілігімен студент «Корпоративтік басқару, бизнестің тұрақтылығы (ESG) және даму жобалары» халықаралық байқауында II орын алды (Алматы)
  • 2022
    Ш. Есенов атындағы КТИУ медалі
  • 2011
    «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2011» атағы