Yessenov University-де ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

27 қарашада Yessenov University базасында казақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын, ойшыл әрі сазгер Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы және қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ауқымды шараға Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен білімгерлері қатысты. Конференцияның ашылуында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен Yessenov University Президенті Берик Ахметов сөз сөйлеп, Абай мұрасының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және заманауи қоғамдағы рухани-зияткерлік маңызын ерекше атап өтті.

Конференцияның басты оқиғалары мен негізгі бағыттары:

  • Абайтанудың жаңа қырлары: хәкім Абайдың философиялық көзқарастары, білім мен ғылым туралы ойлары және Шығыс пен Батыс мәдениеттері диалогындағы орны талқыланды
  • Халықаралық кітап таныстырылымы: Анкарадағы «Spica Works» баспасынан шыққан «Әбіш Кекілбаевтың әңгімелер әлемі» (Abiş Kekilbayev’in Hikâye Dünyası) атты ғылыми-танымдық еңбектің салтанатты тұсаукесері өтті
  • Түркі әлемінің ынтымақтастығы: профессорлар Орхан Сойлемез, Әділет Қабылов және жас зерттеуші Сефа Башимоглу халықаралық аудиторияға қазақ әдебиетінің байлығын жаңа ракурста таныстырды

Бұл халықаралық алқалы жиын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын заманауи гуманитарлық зерттеулермен сабақтастыруға, академикалық байланыстарды кеңейтуге және түркі халықтары арасындағы мәдени-әдеби ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосты.

Ұлы ақынның даналық сөзі мен өнегелі мұрасы — мәңгілік елдің рухани қазынасы!

KEEP READING...

You may also like