2024 жылдың 20-24 мамыры аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Huawei ICT Competition Global Final 2024–2025 халықаралық жарысының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «Cloud Trek» (Булы технологиялар) бағыты бойынша жүлделі 3-орынды иеленді. Бұл айтулы финалға әлемнің 2 000-нан астам университетінен жиналған ең мықты студенттер қатысты.
Еліміз бен Yessenov University намысын 3-курс студенті Таңатар Руслан Қуанғалиұлы (Астана IT Университеті және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен бірге) сәтті қорғап шықты. Студенттерді жарысқа Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Жылқышбаева Гүлназ Сейітбекқызы дайындады.
Жеңіске жеткізген негізгі факторлар мен маңызды сәттер:
Бұл үлкен жеңіс — Yessenov University білім беру сапасының, ІТ саласындағы халықаралық серіктестіктің және студенттердің біліктілігінің жоғары деңгейде екенін бүкіл әлемге тағы бір мәрте паш етті.
Жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілерін жарқын халықаралық жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!