Тарихи жетістік: Yessenov University алғаш рет QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингіне енді

2025 жылғы 19 маусымда халықаралық беделді QS (Quacquarelli Symonds) сараптамалық агенттігі QS World University Rankings 2026 жаһандық университетке талдау нәтижелерін жариялады. Әлем бойынша 30 000-ға жуық жоғары оқу орнының арасынан іріктелген 8 567 білім беру мекемесі қарастырылып, соның ішінде тек 1 501 университет қана қорытынды рейтингтік тізімге енгізілді.

Осы тарихи бәсекеде Yessenov University өз тарихында алғаш рет әлемдік рейтингке еніп, #1201–1400 аралығындағы орынды иеленді. Ал халықаралық тізімге енген Қазақстанның 20 университетінің арасында Yessenov University 15-орынға тұрақтады.

Университеттің жаһандық танымалдылығын арттырған негізгі факторлар:

  • Интернационалдандыру: шетелдік серіктестіктерді, академикалық ұтқырлықты және халықаралық ғылыми желілерді жүйелі дамыту
  • Инновациялық инфрақұрылым: Yessenov Technopark, YU FabLab, 01Edu АТ-мектебі және Huawei ICT Академиясы жобаларын сәтті іске асыру
  • Тұрақты даму мен інженерлік білім: Қазақ-Герман тұрақты инженерия институтын (KINI) құру және практикаға бағытталған оқыту
  • Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі: жұмыс берушілер арасындағы бедел мен еңбек нарығындағы жоғары сұраныс

Бұл тарихи көрсеткіш — Yessenov University стратегиялық даму бағытының дұрыстығын және ұжымның, ғалымдардың, оқытушылар мен студенттердің ортақ еңбегін халықаралық деңгейде мойындаудың айқын дәлелі.

Барша университет қауымдастығын осы ауқымды халықаралық жеңісімен құттықтаймыз!

KEEP READING...

You may also like