«Абай мұрасы және заманауи гуманитарлық ғылымдар мәселелері» атты халықаралық конференция өтті

27 қарашада Yessenov University-де ұлы қазақ ақыны, ойшыл, композитор және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы және заманауи гуманитарлық ғылымдар мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның көрнекті ғалымдары мен оқытушыларының, магистранттары мен студенттерінің басын қосты.

Жиынның ашылуында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен Yessenov University Президенті Берик Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, Абай ілімінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі рухани маңызын атап өтті.

Конференция барысында қарастырылған негізгі бағыттар мен ерекше сәттер:

  • Абай Құнанбайұлының философиялық идеялары мен білім-ғылымға деген көзқарастарын жаңа ғылыми қырынан талқылау
  • Шығыс пен Батыс мәдени дәстүрлерінің сұхбаты және Абай мұрасының түркі әлеміндегі ықпалы
  • Анкарадағы «Spica Works» баспасынан жарық көрген «Әбіш Кекілбаев әңгімелерінің әлемі» (Abiş Kekilbayev’in Hikâye Dünyası) кітабының салтанатты тусаукесері
  • Түркі мемлекеттері арасындағы академикалық ынтымақтастық пен әдеби-мәдени байланыстарды нығайту

Бұл халықаралық жиын Абайдың интеллекттуалды мұрасын заманауи гуманитарлық зерттеулермен ұштастыратын маңызды ғылыми платформаға айналды.

Ұлы Абайдың ағартушылық идеялары мен рухани мұрасы мәңгі жасай береді!

KEEP READING...

You may also like