Yessenov University-де заманауи YU Gym фитнес-кешенінің салтанатты ашылуы өтті
20 наурызда Yessenov University-де заманауи YU Gym фитнес-кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа спорт залы заманауи кәсіби жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және әртүрлі жаттығу форматтарына арналған.
Жаңа фитнес-кешеннің мүмкіндіктері мен инфрақұрылымы:
YU Gym кешені белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға қажетті барлық жағдайды ұсынады. Орталық университет ұжымы мен студенттері үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін де ашық.
Баршаңызды YU Gym кешенінде салауатты өмір салтын бірге қалыптастыруға шақырамыз!