Yessenov University Президенті Б.Б. Ахметов жылдық халықтық есебін ұсынды

5 желтоқсанда Yessenov University Президенті Берик Бахыттовұлы Ахметов жұртшылыққа 2024–2025 оқу жылындағы университет қызметінің қорытындылары бойынша жылдық халықтық есебін ұсынды. Бұл кезең ауқымды трансформациялармен және білім сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті нығайту, халықаралық ынтымақтастық пен инфрақұрылымды дамытудағы елеулі жетістіктермен атап өтілді.

Соңғы жылдары қол жеткізілген басты көрсеткіштер мен жетістіктер:

  • Студенттер саны: соңғы 7 жылда контингент 3 167-ден 10 000-нан астам студентке дейін өсті (оның ішінде Африка мен Еуразия елдерінен 400-ден астам шетелдік студент бар)
  • Халықаралық танымалдылық: QS World University Rankings 2026 (#1201–1400), QS Asia (#451–460), ал ұлттық рейтингте 18-орыннан 4-орынға көтерілді
  • Білім сапасы мен жұмысқа орналасу: білім беру бағдарламаларының 79%-ы халықаралық аккредиттеуден өткен, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші — 92%
  • Ғылымды қаржыландыру: ғылыми жобаларды қаржыландыру 2020 жылғы 40 млн теңгеден 2,2 млрд теңгеге дейін артты (жалпы құны 6,1 млрд теңгені құрайтын 27 ғылыми жоба іске асырылуда)
  • Инфрақұрылым және цифрландыру: Yessenov Technopark, 1500 орындық стадион, 01Edu АТ-мектебі, YU FabLab және студентке бағдарланған сандық экожүйе іске қосылды

Университет өз миссиясына адал болып, Маңғыстау өңірі мен еліміздің орнықты дамуына, сапалы білім беру мен озық ғылыми зерттеулер жүргізуге өз үлесін қосуды жалғастырады.

Барша профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлер мен студенттерге ортақ табыстар үшін алғыс білдіреміз!

KEEP READING...

You may also like