14 қазанда Yessenov University-де белгілі геолог, академик Шахмардан Есеновтің 95 жылдығына арналған «Ғылыми жаңғыру: Тұлға мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Салтанатты мерейтойлық шаралар академикке арналған ескерткіштің іргетасын қалау рәсімінен басталды.
Алқалы жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Yessenov University президенті Берик Ахметов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Конференцияның басты міндеттері мен бағыттары:
Қаныш Сәтбаевтың төл шәкірті, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы Шахмардан Есеновтің есімі еліміздің геология саласы мен ғылымының тарихында алтын әріптермен жазылған.
Ұлы ғалымның мұрасы — болашақ ұрпақ үшін сарқылмас білім мен шабыт көзі!