Yessenov University-де академик Шахмардан Есеновке ескерткіш орнатуға дайындық басталды

7 қазанда Yessenov University-де тарихи маңызы бар маңызды кездесу өтті. Университетке Есенов қорының делегациясы сапармен келді. Делегация құрамында көрнекті қазақ геологі, ғалым және мемлекет қайраткері Шахмардан Есеновтің ұлы Мақсұтбек Шахмарданұлы Есенов, қор директоры Ирина Грищенко, сондай-ақ белгілі мүсіншілер мен дизайнерлер болды.

Кездесу барысында Yessenov University мен Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми билім беру қоры академикке арналған ескерткіш орнату туралы келісімге қол қойды. Ескерткіштің ашылуы 2027 жылы ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай жоспарланған.

Жоба аясында іске асырылатын негізгі міндеттер мен шаралар:

  • Жобаның эскизін дайындау, қаржыландыру және ескерткішті орнату жұмыстарын Есенов қоры өз мойнына алады
  • Ескерткіш айналасындағы қоғамдық кеңістік пен кампус аймағын абаттандыру
  • Ескерткішті дайындауға Асель Есжанова, Шыңғыс Батырбеков және мүсінші Мейрам Баймұханов сияқты дарынды сәулетшілерді тарту
  • Академиктің ұлы Мақсұтбек Есеновті университет дамуына қосқан үлесі үшін «Yessenov» төсбелгісімен марапаттау

Yessenov University президенті Берик Ахметов атап өткендей, бұл ескерткіш болашақ ұрпақ үшін еліміздің дамуына өмірін арнаған тұлғаның рухын сезінуге мүмкіндік беретін «қуат орталығына» айналады.

Ұлы ғалымның мұрасын ұлықтауға арналған дайындық жұмыстары басталып кетті!

KEEP READING...

You may also like