Yessenov University-де қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бастамасы жүзеге асырылуда

Yessenov University кампусында қағаз, пластик, әйнек және басқа да қайта өңделетін материалдарды бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды. Университет қағаз пен пластикті пайдаланудан келетін экологиялық әсерді азайту бойынша белсенді шараларды қолдайды. Айта кету керек, қағаз бен пластикті жинау идеясын Yessenov University түлегі ұсынған болатын.

Осы бастама доясында YU жергілікті компаниямен 5 жылдық келісімшартқа отырды. Серіктестік аясында университеттен шығатын қағаз бен пластик қалдықтары әр 3 ай сайын арнайы жеткізу қызметі арқылы қайта өңдеуге жіберіліп отырады.

«Zero Waste Campus» бастамасы аясында іске асырылып жатқан негізгі шаралар:

  • Қалдықтарды қайта өңдеу және қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына түсетін жүктемені азайту
  • Экологиялық науқандар, шеберлік сабақтары мен студенттік эко-жобаларды тұрақты ұйымдастыру
  • Студенттер мен оқытушылар арасында жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру
  • Жергілікті қалдықтарды басқару компанияларымен серіктестікті нығайту

Жоба туралы толығырақ ақпаратты және видеоларды университеттің ресми Instagram парақшасынан көре аласыздар.

Таза және жасыл болашақ үшін бірге әрекет етейік!

KEEP READING...

You may also like