2024 жылғы 5 қарашада Yessenov University-ге Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер мырза бастаған неміс және қазақстандық компания өкілдерінің делегациясы арнайы сапармен келді.
Қонақтар арасында GTAI, Actemium Kazakhstan, HYRASIA ENERGY, KITA Logistics, Schenker Kazakhstan, Siemens, VDW, Қазақстандағы неміс экономикалық одағы және басқа да ұйымдардың өкілдері болды.
Сапар барысында меймандар университет қызметімен және Қазақ-Неміс туынды инженерия институтының (KINI) жұмысымен танысты.
Талқылау барысында келесі басты бағыттар қамтылды:
Компания өкілдері серіктестікті дамытуға және бірлескен бастамаларды іске қосуға үлкен қызығушылық білдірді. Бұл сапар білім, технология және орнықты даму салаларындағы Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болып табылады.
Бұл — тек бастамасы!