19 қарашада Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығының қолдауымен Yessenov University-ге түрік тіліндегі құнды ғылыми, мәдени және тарихи басылымдар табысталды.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі мен Түркияның Ғылыми және техникалық зерттеу кеңесі (TÜBİTAK) Ақтаудағы Бас консулдықпен бірлесе отырып, университет кітапханасына түрік тіліндегі ғылыми, мәдени және тарихи кітаптар жинағын сыйға тартты.

Бұл бастама түркітілдес халықтар арасындағы ортақ тарих пен мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ университетімізде түрік тілін үйренуді дамытуға бағытталған.

Сыйға тартылған басылымдар студенттер мен оқытушылар құрамына Түркияның тарихы, мәдениеті, ғылымы мен технологиялары туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұндай бастамалар қазақ-түрік академиялық ынтымақтастығын одан әрі тереңдете түседі.

KEEP READING...

You may also like