Yessenov University Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильвен Гиоге бастаған делегацияны қабылдады. Сапар барысында білім, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша мазмұнды сұхбат өтті.
Кездесуде келесі басты бағыттарға ерекше назар аударылды:
Сапар аясында Yessenov University Nicolas Sadirac негізін қалаған инновациялық 01Edu білім беру платформасын енгізу тәжірибесін таныстырды. Жобалық және практикаға бағытталған бұл модель француз делегациясының үлкен қызығушылығын тудырды.
Бұл кездесу Қазақстан мен Франция арасындағы халықаралық академикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге жол ашады!