VIII халықаралық «Каспий ойындары – 2026» аясында Counter-Strike 2 (CS2) пәні бойынша киберспорт сүйер қауымды тебіренткен аса тартысты турнир аяқталды!
Бес елден келген үздік студенттік командалар алдымен Bo1 форматындағы кездесулерде өзара бақ сынап, жылдам реакция, тактикалық шешімдер мен командалық үйлесімділіктерін көрсетті. Турнирдің шарықтау шегі — Yessenov University мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасындағы гранд-финал (Bo3) болды.
Финалдық текетірес екі атыс картасында (Dust II және Mirage) өрбіді. Қос ұжым да керемет ойын үлгісін, тосын клатч-сәттер мен шешуші раундтарды көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас эмоция сыйлады. Шұғыл бұрылыстарға толы кездесуде Атырау университетінің командасы басым түсіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді, ал Yessenov University екінші орынды иеленді.
