qazaqstan.tv: Әбіш Кекілбайұлының әдеби мұрасы қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде

2024 жылғы 27 қазанда Yessenov University ғалымдары Әділет Дыбысұлы Қабылов пен Бақтыбай Сәрсенбайұлы Жайлау «Mangystau TV» телеарнасының «Ғалымның хаты» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында ғалымдар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранты аясында жүзеге асырылып жатқан «Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде» атты ғылыми-зерттеу жобасы туралы баяндады.

Сұхбат барысында келесі басты тақырыптар қамтылды:

  • Әбіш Кекілбайұлының шығармашылық мұрасы, интеллектуалды үлесі және туындыларының қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызы
  • Ғылыми қауымдастық пен студенттерге арналған әдебиетке негізделген академикалық және білім беру бағдарламаларының рөлі
  • Зерттеу жобасының нәтижелері мен осы саладағы ғылыми жетістіктерді таныстыру

Ұлы жазушының рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеу — ұлттық заманауи бірегейлік пен қоғамдық сананы дамытудың маңызды қадамы.

Университет ғалымдарының іргелі зерттеулері мен ғылыми ізденістеріне сәттілік тілейміз!

KEEP READING...

You may also like