16 сәуір күні Yessenov University базасында “NextGen 2026: AI in Tourism” форумы ұйымдастырылды.
Форум барысында туризм индустриясындағы жасанды интеллекттің рөлі жан-жақты талқыланды. Бүгінде AI тек технология ретінде ғана емес, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылуда. Әсіресе туристік қызметтерді жекелендіру, клиент тәжірибесін жақсарту, басқару және талдау үдерістерін оңтайландырудағы мүмкіндіктері ерекше атап өтілді.
Іс-шара ғылым, бизнес және білім беру саласының өкілдерін біріктірген тиімді диалог алаңына айналды. Туризм, қонақүй бизнесі және IT саласының жетекші сарапшылары тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелер мен саланың даму перспективаларын ұсынды. Форумға өңірдегі туристік агенттіктер мен қонақүй бизнесінің өкілдері де белсенді қатысты.
Сонымен қатар, форум аясында “Made in Mangystau” жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Yessenov University технопаркі мен «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттерінің кәдесый өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.