14 сәуір күні Yessenov University Теңіз академиясының «Машина жасау және логистика» кафедрасы республика көлеміндегі ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Аталған жиын ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен сала мамандарын бір алаңға біріктірді.

Конференция барысында көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, үдерістерді цифрландыру және инженерлік шешімдердің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қатысушылар ғылыми баяндамаларын ұсынып, өзара тәжірибе алмасып, қазіргі заман талаптарына сай саланың даму перспективаларын қарастырды.

Конференция кәсіби диалогты дамытуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және көлік пен логистика саласындағы озық идеяларды ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like