26 маусым күні Yessenov University-де өткен Yessenov Graduation 2026 салтанатты диплом табыстау рәсімі 5 мыңнан астам адамды біріктірді. Yessenov Stadium аумағында ашық аспан астында халықаралық заманауи форматта ұйымдастырылған шарада 1665 жас маманға жоғары білім туралы диплом табысталды.
Биыл 89 түлек оқуын үздік аяқтап, 250 жас магистр дәрежесін иеленді, ал 2 ізденуші PhD докторы атанды. Бүгінде Yessenov University – халықаралық деңгейде мойындалған, өңірдің дамуына үлес қосатын білікті мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Түлектерімізге ақ жол, жарқын болашақ тілейміз!