Үздіксіз білім беру институты

Сипаттамасы

ҮББИ  негізгі кызметі  мамандардың білімін көтеруді  ұйымдастыру, өткізу және кәсіби даярлау, кайта даярлау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалау болып табылады.

Кәсіби біліктілікті көтеру жоғары және орта техникалык білімі бар сала мамандарының теориялық және іс-тәжірибе дағдыларын жетілдіру мен тереңдетуді көздейді.

Университеттің профессорлык-оқытушылар кұрамы мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрлардан жасақталған.  Білім беру үрдісінде мамандардың  білім берудегі кәсіби құзіреттілігі  мен заманауи талаптарын  жетілдіруге бағытталған білім беру мен қайта даярлаудың косымша білім беру бағдарламалары қолданылатын болады.

ҮББИ университет базасында және одан тыс аймақтар мен мекемелерге шығу арқылы білім берудің мамандандырылған қысқа мерзімді курстар кезеңдерін ұсынады. Тыңдаушылар  жеке  білім алу  немесе ғылыми бағдарлама бойынша оқи алады. 

Сабақтар интербелсенді дәрістер, семинарлар, семинар-практикумдар, тренингтер, шеберлік дәрістері, дөңгелек үстелдер мен конференциялар т.б. үлгіде ұйымдастырылады.

Институттың мақсаты:

Еңбек нарығындағы сұраныс пен аймақтың интеллектуалдық, әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сәйкес жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың, әркімге өзінің білім алуға бағытталған жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен дамыту.

Институттың міндеттері:

  • — Мемлекеттік білім саясатының қағидалары негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың басым стратегияларын анықтау;
  • — Педагогтарды ғылыми-теориялық және практикалық білім-біліктермен қаруландыру;
  • — Нәтижеге бағытталған білім берудің ғылыми-практикалық әдістемесін жасау;
  • — Аймақтың, облыстың білім беру қызметкерлері біліктілігін арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу;
  • — Тәжірибелік-алаңдарды және зерттеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру.
  • — Озат педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтарға әдістемелік нұсқаулар беру.
  • — Ақпараттық-әдістемелік материалдарды шығару.

Көпшілік талқылауға арналған білім беру бағдарламаларының жобалары

  • ino@yu.edu.kzББ жобаларына қатысты барлық ескертулеріңіз бен пікірлеріңізді келесі электрондық поштаға жібере аласыз.

«Инклюзивті білім беруді қолдау инновациялық тәсілдер мен тиімді тәжірибелер» тақырыбындағы педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы


«Қазақ хандықтары тарихы жахандық компетенция мен тарихи информатика контекстінде» тақырыбындағы педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы


«Жасанды интеллект – педагогтердің эмоционалды жануы мен кәсіби деформациясының алдын алудың инновациялық құралы» тақырыбындағы педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы


«Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы


«Математика пәні мұғалімдерінің дарынды оқушыларымен жұмысын ұйымдастыруда кәсіби деңгейлерін арттыру» тақырыбындағы педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы


«Мектептегі өзгерістер менеджменті тиімділікті арттырудың жаңа тәсілдері» тақырыбындағы педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы


«Оқытудың заманауи тәсілдері цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбындағы педагогтердің біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы

Қызметкерлер

Каллибекова Гулзада Унгарбаевна

Үздіксіз білім беру институтының басшысы

Толығырақ

Наурызбаева Маржан Аманкосовна

Жетекші маман

Толығырақ

Пайдалы сілтемелер

Байланыс ақпараты

Үздіксіз білім беру институты

 

Мекен жайы: 32 ш/а., Yessenov University, кабинет 4-3

+7 (7292)788-788 (277)
marzhan.nauryzbayeva@yu.edu.kz

Жұмыс кестесі: 09:00 – 18:00

Әлеуметтік желілер