Research work on the project

Ғылым апталығы аясында ғылыми жобалар таныстырылды 2026 жылғы сәуір айында Yessenov University-де өткен «Science Week–2026: Зерттеулерден индустрияға» ғылым апталығы аясында университет ғалымдарының ғылыми жобалары таныстырылды.

Іс-шара барысында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылған «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» жобасы мен «Маңғыстау топономастикалық ареалы: тарихи топонимия, топобейнелер және оларды интерпретациялау» ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме барысында ғылыми экспедициялар кезінде жинақталған материалдар, жарық көрген монографиялар мен ғылыми еңбектер таныстырылып, тарихи-мәдени маңызы бар деректер көрсетілді. Сондай-ақ жобалардың түркітану, топонимика және тарихи-лингвистикалық зерттеулерді дамытуға қосып отырған үлесі туралы ақпарат берілді.

Ғылым апталығы аясында ғылыми басылымдардың таныстырылымы өтті

2026 жылғы сәуір айында Yessenov University-де өткен «Science Week–2026: Зерттеулерден индустрияға» ғылым апталығының ашылу салтанатында университет ғалымдарының ғылыми жобалар аясында жарық көрген ғылыми еңбектерінің таныстырылымы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылған «Қытай және өзге де шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» жобасы аясында жарық көрген келесі басылымдар таныстырылды: Б.Н. Бияровтың «Көне түркі топонимдерінің этимологиялық сөздігі»; Б.И. Нұрдәулетова және авторлар ұжымының «Тарихи карталардағы түркі топонимдері (карталар каталогы)»; сондай-ақ «Қытай және араб-парсы дереккөздеріндегі Орта Азия мен Қазақстанның тарихи топонимиясы» монографиясы.
Сонымен қатар ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылған AP19680234 «Маңғыстау топономастикалық ареалы: тарихи топонимия, топобейнелер және оларды интерпретациялау» жобасының нәтижесінде жарық көрген «Маңғыстау топономастикалық ареалы: тарихи топонимия, топобейнелер және оларды интерпретациялау» монографиясы мен Б.И. Нұрдәулетованың «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары (этнографиялық, этноархеологиялық, этимологиялық, топонимикалық зерттеулер)» далалық-зерттеу экспедициясының Альбом-атласы көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара соңында аталған ғылыми басылымдардың бірқатар даналары университет кітапханасының қорына және Маңғыстау облысының кітапханаларына ғылыми-ақпараттық ресурстарды толықтыру мақсатында табысталды.

«Бармысың, баба жұрт!» ғылыми-танымдық экспедициясы аясында тарихи деректер жинақталды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» жобасы аясында «Бармысың, баба жұрт!» ғылыми-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды.
Экспедиция барысында зерттеу тобы Қарақалпақстан мен Өзбекстан аумағындағы Нөкіс, Хиуа, Үргеніш, Бұхара, Науаи, Самарқанд, Афрасиаб және Ташкент қалаларында болып, көне түркі тарихы, топонимиясы және тарихи-мәдени мұраларына қатысты деректер жинады. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен және информаторлармен сұхбаттар жүргізіліп, өңір тарихына қатысты ауызша мәліметтер тіркелді.
Зерттеу жұмыстары аясында Ұлы Жібек жолы бойындағы Варахша, Пайкенд, Ромитан, Мәлік-Рабат керуен сарайы, Афрасиаб және Сардоба сияқты тарихи нысандарға ғылыми талдау жасалды. Экспедиция кезінде жинақталған тарихи, тілдік және этнографиялық материалдар көне түркі топонимдерінің тарихи-этимологиялық ерекшеліктерін тереңірек зерделеуге және түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени байланыстарын анықтауға негіз болады.

Қырғыз Республикасында көне түркі топонимдеріне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізілді 2026 жылғы 31 мамыр – 6 маусым аралығында BR24993043 «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» бағдарламасы аясында Қырғыз Республикасына ғылыми іссапар ұйымдастырылды.

Іссапар барысында Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Ұлттық кітапханасының қорларында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көне түркі және ортағасырлық топонимия, тарихи география, түркология, ономастика және Қарахан мемлекетінің тарихына қатысты ғылыми материалдар жинақталды. Сонымен қатар қырғызстандық жетекші ғалымдармен ғылыми кездесулер өткізіліп, тарихи топонимдердің этимологиясы мен локализациясына қатысты құнды деректер алынды.
Далалық зерттеулер шеңберінде Баласағұн, Бурана және Суяб (Ақ-Бешім) археологиялық кешендері зерделенді. Нәтижесінде 50-ден астам библиографиялық дереккөз анықталып, 300 беттен астам ғылыми материалдың цифрлық көшірмесі жоба қорына енгізілді.

Түркия Республикасындағы ғылыми іссапар аясында көне түркі топонимдеріне қатысты деректер жинақталды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылып жатқан BR24993043 «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» ғылыми жобасы аясында Түркия Республикасында ғылыми іссапар өткізілді.
Іссапар барысында жоба зерттеушілері Ыстамбұл қаласындағы Süleymaniye кітапханасында, ISAM Ислам зерттеулері орталығында және IRCICA халықаралық ғылыми-зерттеу орталығында жұмыс жүргізіп, көне түркі топонимдеріне қатысты қолжазба деректер мен тарихи карталарды жинақтады. Зерттеу нәтижесінде ортағасырлық дереккөздер мен картографиялық материалдар бойынша салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік беретін құнды мәліметтер алынды.
Сондай-ақ XVII ғасырдағы османлы саяхатшысы Евлия Челебидің «Seyahatname» еңбегі зерттеліп, Орта Азия мен Каспий өңірінің тарихи географиясы мен топонимиясына қатысты деректер қарастырылды. Бұдан бөлек, IRCICA ғылыми орталығының зерттеуші-профессоры Әшірбек Муминовпен ғылыми кездесу өткізіліп, жоба тақырыбына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Іссапар қорытындысы бойынша көне түркі топонимдерінің тарихи-этимологиялық ерекшеліктерін зерттеуге қажетті жаңа ғылыми материалдар жоба қорына енгізілді.

Жоба зерттеушілері Франция Республикасында ғылыми іссапар өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылып жатқан BR24993043 «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» ғылыми жобасы аясында жоба зерттеушілері – филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зубайда Шадкам және PhD, шығыстанушы-тарихшы Өмір Оразұлы Тұяқбаев Франция Республикасының Париж қаласында ғылыми іссапарда болды.
Іссапар барысында жоба тақырыбына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, дереккөздермен жұмыс жасау және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Зерттеу нәтижелері көне түркі топонимдерінің тарихи-этимологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған жоба міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосты.

Іссапар туралы ақпарат (Текст): Алтай–Моңғолия ғылыми экспедициясы аясында көне түркі топонимдеріне қатысты жаңа деректер жинақталды

2025 жылғы шілде–тамыз айларында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылған BR24993043 «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» ғылыми жобасы аясында Алтай–Моңғолия ғылыми экспедициясы өткізілді.
Экспедиция барысында зерттеу тобы Ресей Федерациясының Новосибирск облысы мен Таулы Алтай өңірінде, сондай-ақ Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде көне түркі тарихына, топонимиясына және тарихи-мәдени мұрасына қатысты деректер жинақталып, көптеген жер-су атауларының тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері зерделенді. Сонымен қатар өңірдің ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізіліп, тарихи география, этнография және топонимика салалары бойынша құнды мәліметтер алынды.
Экспедиция қорытындысы бойынша көне түркі топонимдерінің тарихи-этимологиялық сипатын айқындауға мүмкіндік беретін жаңа материалдар жиналып, жоба аясындағы ғылыми дерекқор толықтырылды.

Қытай және Жапониядағы ғылыми іссапарлар нәтижесінде жоба қоры жаңа деректермен толықтырылды

2025 жылғы шілде–тамыз айларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылып жатқан BR24993043 «Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» ғылыми жобасы аясында Қытай Халық Республикасының Үрімжі және Бейжің қалаларына, сондай-ақ Жапонияның Токио қаласына ғылыми іссапарлар ұйымдастырылды.
Іссапар барысында Шынжаң өлкесінің мұрағаттары мен кітапханаларында, Бейжіңдегі Minzu University ғылыми орталықтарында, Токио университетінің бас кітапханасы мен Жапония Ұлттық парламент кітапханасында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көне Жібек жолы, тарихи қалалар, көне түркі топонимдері және Орталық Азия тарихына қатысты сирек қолжазбалар, көне карталар мен ғылыми еңбектер жинақталып, жоба қорына енгізілді.
Сонымен қатар Қытай және Жапонияның жетекші ғалымдарымен ғылыми кездесулер өткізіліп, түркітану, тарихи топонимия және тілдік мұраны зерттеу бағытындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Іссапар қорытындысында жоба аясындағы ғылыми дереккөздер қоры толықтырылып, болашақ бірлескен зерттеулердің жаңа бағыттары айқындалды.