«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ және «Отбасы Банк» АҚ-мен бірлесіп іске асырылатын «корпоративтік» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға үміткерлерді іріктеу туралы

 ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) және «Отбасы Банк» АҚ-мен бірлесіп іске асырылатын «корпоративтік» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер арасында үміткерлерді іріктеу жүргізілетінін  2026 жылдың 26 қаңтар – 2 ақпан аралығында құажаттарды қабылдайтындығын хабарлайды.

Бағдарлама аясында тұрғын үй Маңғыстау облысы Ақтау қаласында сатылып алынады.

Алдын ала тұрғын үй қарыздары Ұйым қызметкерлеріне келесі шарттармен беріледі:

– қарыздың ең жоғары сомасы – 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеге дейін;

– мерзімі – 8 (сегіз) жылдан аспайды;

Қызметкердің алдын ала тұрғын үй қарызы сомасының кемінде 10% (он) мөлшеріндегі бастапқы жарнаны жинақ шотында қамтамасыз етуі;

сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 (бес) % құрайды.

 

Бағдарламаға қатысу тәртібі

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер іріктеу туралы хабарланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде лимитті міндетті түрде көрсете отырып Университет Президентінің атына өтініш береді.

Қажетті құжаттар тізімі:

Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

–   үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

–   некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

–   ұйым басшысынан ұсыныс;

–   отбасы құрамы туралы анықтаманың түпнұсқасы (бар болса);

–   үміткердің отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;

–   уәкілетті органнан соңғы 3 жыл ішінде үміткердің және оның отбасы-мүшелерінің тұрғын үйінің болуы/болмауы туралы анықтама;

–   халықаралық сертификаттардың, дипломдардың, куәліктердің, ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын және өзге де құжаттардың көшірмелері.

Құжаттар жеке іс түрінде ұсынылуы тиіс.

Жеке істің мұқабасында үміткер туралы ақпарат көрсетіледі:

Тегі, аты-жөні, лауазымы, жұмыс орнының атауы.

 

Бағдарламаға Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымының меншік құқығында (жалпы, үлестік қызметті қоса алғанда) өзіне тиесілі соңғы 5 (бес) жыл ішінде және/немесе оның отбасы мүшелерінде тұрғын үйі жоқ ғылыми атағы бар тұлғалар және жас ғалымдар қатыса алады.

Бағдарламаға қатысу барысында бөлінетін қаржының 50%-ы басымдық ретінде жас ғалымдарға, қалған 50%-ы басқа санаттағы оқытушыларға беріледі.

Құжаттарды қабылдау жоғарыда белгіленген мерзімде Университет кеңсесіне тапсырылады.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like