Жарыс нәтижелері & Футзал
«Caspian Games – 2026»: Футзалдан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
📅 Қазан, 2026 ж.
•
📍 Yessenov Sports Complex, Ақтау қ.
VIII халықаралық студенттік «Caspian Games – 2026» аясында футзалдан өткен тартысты жарыстар қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды!
Тартысты ойындар барысында командалар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, шеберліктері мен жеңіске деген берік жігерін көрсетті. Түйінді кездесулер көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
🏆 Жалпы жүлделі орындар:
-
🥇 I орын: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
-
🥈 II орын: Yessenov University
-
🥉 III орын: Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институты (KINI)
⚽ Yessenov University құрамасының жетістігі:
Yessenov University футзалшылары тамаша ойын өрнегін көрсетіп, турнирдің күміс жүлдесіне (II орын) ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Қатысушыларға жаңа спорттық белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! ⚽🥇🔥