Yessenov University үшін тағы бір маңызды жетістік: IQAA-Ranking–2026 қорытындысы бойынша университетіміз Қазақстанның жетекші көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 2-орынға ие болып, білім беру бағдарламаларымыз республика көлемінде ең үздік нәтижелерді көрсетті.
*Көрсеткіштер бакалавриат, магистратура және PhD деңгейлерін толық қамтып, университетегі білім сапасының жүйелі артқанын айқын аңғартады.
IQAA білім беру бағдарламаларының рейтингі жоғары оқу орындары даярлау бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау барысында академиялық мазмұн, іске асыру сапасы, еңбек нарығымен байланыс, түлектерге деген сұраныс және білім беру ортасының даму деңгейі ескеріледі. Бұл – университеттегі білім беру жүйесінің сапасына берілген кешенді баға.
Университетіміздің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында қол жеткізген бұл меже бізге ерекше серпін берумен қатар, үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да академиялық сапаны арттырып, білім, ғылым және өндіріс сабақтастығын күшейтіп, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жалғастырамыз.

