Yessenov University UI GreenMetric 2026 халықаралық рейтингінде позициясын жақсартты

📅 30.09.2026

Yessenov University UI GreenMetric World University Rankings 2026 халықаралық рейтингінде позициясын жақсартып, тұрақты даму бағытындағы жоғары нәтижесін көрсетті. Университет рейтинг қорытындысы бойынша 7 830 балл жинап, әлемде 291-орынға ие болды және Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында үздік үштіктегі позициясын сақтап қалды.

Университеттің халықаралық рейтингтегі өсімі соңғы жылдардағы тұрақты даму динамикасынан айқын көрінеді. 2023 жылы Yessenov University әлем бойынша 521-орында болса, 2024 жылы 455-орынға, 2025 жылы 333-орынға көтеріліп, 2026 жылы 291-орынға тұрақтады. Осылайша, төрт жыл ішінде университет әлемдік рейтингтегі позициясын 230 орынға жақсартты.

Қазақстан бойынша да университет тұрақты өсім көрсетіп келеді: 2023 жылы – 6-орын, 2024 жылы – 5-орын, 2025 жылы – 3-орын және 2026 жылы – 3-орын. Осылайша, Yessenov University соңғы екі жыл қатарынан Қазақстанның үздік үш жоғары оқу орнының қатарында.

Рейтингтің жекелеген бағыттары бойынша да жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Transportation көрсеткіші бойынша университет 1 487,5 балл, ал Water бағыты бойынша 900 балл жинап, Қазақстан ЖОО-лары арасында ең жоғары нәтижені көрсетті.

Басқа бағыттар бойынша төмендегідей нәтижелер тіркелді:

  • Energy & Climate Change: 1 600 балл
  • Waste: 1 125 балл
  • Education & Research: 1 125 балл
  • Governance & Digitalization: 937,5 балл
  • Setting & Infrastructure: 655 балл

Бұл жетістік университеттің «жасыл» кампус қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына үлес қосу бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

Университеттің 50 жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл нәтиже Yessenov University-дің тұрақты даму бағытындағы жүйелі жұмысын көрсетіп, халықаралық академиялық кеңістіктегі позициясын одан әрі нығайтуға жаңа серпін береді.🌱

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like