Ақтауда Каспийдің экологиялық мәселелері талқыланды

📅 24.09.2026
|
Дереккөз: Otpan News

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қарауға ұсынылған негізгі мәселелер Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне, су қоймаларының тартылуына және бұл үдерістердің көміртек циклі мен экожүйелерге тигізетін әсеріне қатысты болды.

Кездесу нәтижесінде Yessenov University мен Испанияның Ұлттық зерттеу кеңесінің (CSIC) құрамына кіретін Бланес озық зерттеулер орталығы (CEAB-CSIC) арасында өзара келісім туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар Каспийдегі экологиялық үдерістерді Испания мен Еуропаның басқа да өңірлеріндегі ұқсас үдерістермен салыстырмалы түрде зерттеу, ғылыми деректер мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

KEEP READING...

You may also like