Yessenov University-де технопарк, жастар паркі және жаңа стадион салтанатты түрде ашылды

2 желтоқсанда «Yessenov Forum: Тұрақты мағыналар» форумы аясында Yessenov University базасында өңір үшін маңызы зор үш жаңа нысанның: Yessenov Technopark кешенінің, жастар паркінің және заманауи футбол стадионының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, сондай-ақ отандық ЖОО ректорлары, өндіріс басшылары мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Ашылған жаңа инфрақұрылымдық нысандар:

  • Yessenov Technopark (2 000 шаршы метр): робототехника, металл мен ағаш өңдеу шеберханалары, жасанды интеллект, gamedev, блокчейн және киберқауіпсіздік бағыттарын қамтитын 2 қабатты инновациялық орталық. Жоба француз сарапшысы Николя Садирактың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.
  • Жастар паркі: амфитеатры, субұрқағы және 50 орындық кафесі бар ашық қоғамдық кеңістік. Саябақ аймағына 3 000 түп ағаш отырғызылып, ол барлық қала тұрғындары үшін ашық демалыс орнына айналды.
  • Жаңа спорт стадионы (7 000 шаршы метр): футбол және жеңіл атлетикадан аймақтық жарыстарды өткізуге арналған заманауи спорт кешені. Рәсім соңында Yessenov University мен Атырау университеті командалары арасында жолдастық матч өтті.

Үш жаңа нысанның пайдалануға берілуі Yessenov University-дің білім, ғылым, стартап-экожуйе, салауатты өмір салты мен аймақтық демалыс мәдениетін тоғыстырған ірі хаб ретіндегі позициясын нығайтты.

Университет ұжымы мен студенттерін жаңа инфрақұрылымдық жетістіктерімен құттықтаймыз!

KEEP READING...

You may also like