2023 жылғы 21 маусымда Ақтау қаласында Германия Федеративтік Республикасының Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен болашақ Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының (KINI) құрылыс алаңында мезгіл капсуласын салу салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға Қазақстан мен Германия арасындағы білім беру және технологиялық серіктестіктің жаңа кезеңін айқындады.
Жаңа институт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және жоғары білікті инженерлерді даярлау жөніндегі тапсырмасы аясында Yessenov University базасында құрылды. Институт Батыс Қазақстан аймағында заманауи инженерлік білім берудің негізгі орталығына айналады.
Жобаның стратегиялық маңызы мен басты бағыттары:
Университет базасында Қазақ-Неміс институтының ашылуы — жасыл трансформация мен өнеркәсіпті дамытуда жаңа буын инженерлерін даярлауға бағытталған сенімді қадам.
Халықаралық жобаның сәтті жүзеге асуымен Yessenov University ұжымын құттықтаймыз!