Yessenov University-де жаңа мамандықтар мен болашақ мамандықтар атласы бойынша ұлттық жобаның қорытындысы ұсынылды

12 желтоқсанда Yessenov University базасында «Кәсіби болашақты картаға түсіру: жаңа мамандықтар мен мансаптық траекторияларды зерттеу» атты халықаралық конференция өтті. Жиында соңғы үш жылда іске асырылған, еңбек нарығындағы технологиялық өзгерістер мен аймақтық даму сұранысын зерделейтін ауқымды ұлттық жобаның нәтижелері ұсынылды.

2023–2025 жылдар аралығында Yessenov University бастаған консорциум Атырау, Қостанай, Алматы, Түркістан, Ұлытау және Маңғыстау облыстары бойынша Жаңа мамандықтар мен компетенциялар атласын әзірлеп шықты. Бұл форсайт-зерттеу өңірлердің кадрлық саясатын болашақ экономикалық қажеттіліктерге сай жоспарлауға берік негіз қалады.

Жобаның негізгі көрсеткіштері мен ғылыми нәтижелері:

  • Анықталған мамандықтар: 242 жаңа мамандық, 114 трансформацияланатын мамандық және сұранысы төмендеп бара жатқан 102 кәсіп түрі айқындалды
  • Салалық тізім: экономиканың басты секторлары бойынша 187 жаңа мамандық топтастырылды (машина жасау, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс, логистика, білім беру және энергетика)
  • Оқу бағдарламаларын жаңарту: университет 17 жаңа мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын жаңартып, 1 163 студентті осы бағыттарда оқытуда, сонымен қатар тағы 30 жаңа мамандықты оқу порфеліне енгізуді жоспарлап отыр
  • «Steppe Navigator» платформасы: 13–17 жас аралығындағы 83 000-нан астам мектеп оқушысының кәсіби бағдары мен қызығушылықтары талданды

Бұл форсайттық зерттеу нәтижелері Yessenov University-де «өңірлік аналитика → жеке білім беру траекториясы → университеттер мен колледждердің институционалдық шешімдері» моделі бойынша еңбек нарығына қажетті жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді.

Ұлттық жобаның нәтижелері ел болашағы мен өңірлердің тұрақты дамуына қосылған зор үлес болып табылады!

KEEP READING...

You may also like