26 қыркүйекте Yessenov University Венгрия Парламенті Төрағасының орынбасары Шандор Лежак мырза бастаған ресми делегацияны қабылдады. Делегация құрамында Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раев мырза да болды.

Бұл сапар «Ақтау — түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өтіп, III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалімен тұс келді.

Сапар барысында қонақтар университет дамуының басым бағыттарымен, инфрақұрылымымен және ғылыми зертханаларымен танысты. Студенттермен және оқытушылар құрамымен ашық сұхбат өтіп, онда венгриялық тарап өз елінің білім, ғылым және мәдениет саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Лежак мырза университет қауымдастығының ашықтығы мен студенттердің ынтасын жоғары бағалап, Yessenov University Қазақстан мен Венгрия арасындағы достық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқара беретінін атап өтті.

KEEP READING...

You may also like