Жарыс нәтижелері & Каратэ-до
«Caspian Games – 2026»: Каратэ-додан жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды
📅 Қазан, 2026 ж.
•
📍 Yessenov Sports Complex, Ақтау қ.
VIII халықаралық студенттік «Caspian Games – 2026» аясында каратэ-додан өткен тартысты жарыстар қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды!
Тартысты белдесулер барысында қатысушылар жоғары спорттық шеберліктерін, шапшаңдықтарын, төзімділіктері мен жеңіске деген берік жігерлерін танытты.
🏆 Жалпы жүлделі орындар:
- 🥇 I орын: Yessenov University
- 🥈 II орын: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
- 🥉 III орын: Дағыстан мемлекеттік университеті
🥋 Yessenov University құрамасының жеңісі:
Yessenov University татами шеберлері тамаша нәтиже көрсетіп, каратэ-до сайысы бойынша алтын медальды (I орын) қанжығаларына байлады.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Қатысушыларға жаңа спорттық белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🥋🥇🔥