Yessenov University-де «Заң мен тәртіп» аясында студенттерге арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, анимациялық роликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шараға Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Самет Сәкен Ілиясұлы және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Көбейсінова Пердегүл Темірқызы қатысты.

Кездесу барысында студенттер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнематериалдарды тамашалап, анимациялық роликтер байқауына ұсынылған жұмыстармен танысты. Қонақтар жастар тәрбиесі, заңға құрмет және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша:
«Үздік кейіпкер дизайны» – Мехпара Хейдарова
«Тақырыптың ең үздік ашылуы» – Турткульбаева Аселя
«Үздік сценарий» – Шихиев Даулетияр
«Үздік қысқаметражды бейнеролик» – Турова Сабина

Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Қалған қатысушылар Маңғыстау облысы прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

KEEP READING...

You may also like