27 сәуір күні Маңғыстау облысы мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыс аясында Yessenov University мен ММ «Маңғыстау облысы білім басқармасы» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу, білім беру сапасын жақсарту және оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету бағытында екі тараптың өзара ынтымақтастығын нығайту.

Бұл келісім өңірдегі педагогикалық кадрларды даярлау мен дамыту жүйесін жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға және жаңа буын мұғалімдерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Yessenov University – өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны ретінде педагогикалық кадрларды даярлауда және білім беру әлеуетін дамытуда жетекші рөл атқара отырып, аймақтың кадрлық қорын нығайтуға өз үлесін қоса береді.

KEEP READING...

You may also like