Қазақстанда «өмір бойы оқу» қағидаты қарқынды дамып келеді, ал бейресми білім беру осы үдерістің маңызды бөлігіне айналды. Yessenov University – Қазақстандағы көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі ретінде тек формальды біліммен шектелмей, қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын да жүйелі түрде жүзеге асырады. Бұл университеттің қазіргі білім беру трендтеріне, соның ішінде life-long learning (өмір бойы оқу) қағидатына бейімделгенін көрсетеді.

Университет құрылымында бейресми білім беруді дамытуда маңызды орын алатын бөлім – Үздіксіз білім беру институты. Бұл құрылым:
  • Қысқа мерзімді курстар ұйымдастырады;
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүзеге асырады;
  • Әртүрлі жастағы аудиторияны қамтиды.

Осы арқылы университет тек студенттерге ғана емес, ересектерге, жұмыс істейтін мамандарға және зейнеткерлерге дейін білім беру қызметін ұсынады.

Университетте бейресми білім беру аясында: тренингтер, семинарлар, мастер-класстар, практикалық сабақтар сияқты оқыту форматтарын қолданады. Бұл курстардың басты мақсаты – теориядан гөрі нақты дағды қалыптастыру, яғни IT және цифрлық технологиялар, инженерлік дағдылар, тілдік құзыреттер, кәсіпкерлік қабілеттер сияқты қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттарды дамыту.

Сонымен қатар, еңбек нарығына бейімделген дағдыларды дамытуда да университетімізде бейресми білім беру бағдарламалары аймақтың (Маңғыстау өңірінің) экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Өңірдегі экономикаға қажетті салаларда қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары арқылы студенттер мен тыңдаушылар жұмысқа тез бейімделетін практикалық дағдыларды меңгереді.

Қазіргі заман талабына сай университет цифрлық және тілдік дағдыларды дамыту бағытын ұстанды. Бұл да бейресми білім берудің негізгі мақсаты – қысқа уақытта бәсекеге қабілетті дағдылар қалыптастыру екенін дәлелдейді.

Университетте бейресми білім беру жүйесі келесі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

  • Жаңа мамандықтарды тез меңгеру;
  • Қосымша кәсіби дағдылар қалыптастыру;
  • Халықтың білім деңгейін арттыру;
  • Әлеуметтік белсенділікті күшейту.

Бұл бастамалар жаңа мамандықтарды игеруге, кәсіби дамуға және қоғамның білім деңгейін арттыруға жол ашады.

KEEP READING...

You may also like