Талапкерлерге болашақ кәсіби қызмет саласын таңдауда кәсіптік бағдар беру;
Сандық технологияларды пайдалана отырып, талапкерлерді қабылдауды ұйымдастыру әдістерін жетілдіру;
Университетте Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру грантын алуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдауды ұйымдастыру;
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Университетке түсетін тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыру:
Офис міндеттері:
Есенов университетінде кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Университетте ақпараттық-жарнамалық шараларды өткізу және Ашық есік күндерін ұйымдастыру және өткізу;
Білім беру бағдарламасы мен қабылдау шарттарын таңдау бойынша талапкерлермен кеңес беру жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында талапкерлердің деректер базасын құру.