Үздіксіз білім беру институты заманауи білім беру бастамаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Осындай жобалардың бірі – 2026 жылғы 27 сәуір мен 13 мамыр аралығында өткен «AI tools in the context of English language teaching» курсы. Курс «Филология және спорт» факультетінің «Ағылшын филологиясы» кафедрасының профессор-ассистенті, филология ғылымдарының магистрі Феруза Қозыбайқызы Дальмуханованың жетекшілігімен өткізілді.
Курс тыңдаушыларының басым бөлігін ағылшын тілін оқыту мен меңгерудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқан студенттер құрады. Сабақ барысында қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысып, AI-құралдарын оқу материалдарын дайындауда, тілдік тапсырмаларды орындауда, жазылым, сөйлесім және сыни ойлау дағдыларын дамытуда қолдануды үйренді.
Практикалық жұмысқа ерекше назар аударылды: студенттер заманауи цифрлық сервистерді сынақтан өткізіп, өз жобаларын әзірледі және жасанды интеллект технологияларының оқу үдерісін қалай қызықты, ыңғайлы әрі тиімді ете алатынын талқылады.
Оқу қорытындысы бойынша әрбір қатысушы алған білімдері мен дағдыларын растайтын белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болды.
Курстың өткізілуі білім беру ортасында жасанды интеллекттің рөлі артып келе жатқанын және болашақ мамандар үшін цифрлық құзыреттердің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.