Үздіксіз білім беру институтында «Дактиль және ым-ишара тіліне үйрету» курсы басталды
9–16 қараша аралығында Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Дактиль және ым-ишара тіліне үйрету» тақырыбындағы курс өтуде.
Курстың мақсаты – педагогтерді, арнайы мамандарды және көмекші қызметкерлерді дактиль мен ым-ишара тіліне үйрету. Бұл есту қабілеті бұзылған тұлғалардың коммуникативтік қажеттіліктерін түсінуге, ым-ишара арқылы ақпарат жеткізуге және есту мен сөйлеу қабілеті бұзылған адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Курс барысында тыңдаушылар ым-ишара тілінің алфавитін (дактильді), базалық лексикасын, грамматикалық құрылымдарын және сөйлеу барысында қолдану ережелерін үйренеді. Сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік және оқу-тәрбиелік жағдайларда ым-ишараны қолдану стратегияларымен танысады.
🎯 Курс нәтижесі
Курс теория мен практиканы үйлестіре отырып, қатысушылардың креативтілігін, визуалды және моторлық есте сақтау қабілетін дамытады. Тыңдаушылар есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектермен тиімді қарым-қатынас орнатып, инклюзивті ортада еркін жұмыс істей алатын болады.
👩🏫 Курс жетекшісі
«Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, облыстық арнайы мектеп-интернатының дефектологі, педагог-сарапшы, инклюзивті білім беру саласында мол тәжірибесі бар Жолдыбаева Гаухар Мұрақызы.




